30 жыл бұрын неміс фотографы түсірген суреттерден бейнеуліктер өздерін таныды

©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE

Осыдан отыз жылдай бұрын қазақ топырағына табаны тиген неміс фотографы Вольфганг Кайел Маңғыстау облысында түсірген суреттерін жариялады. Бейнеу ауданында фотографтың обьективіне ілінген суреттегі адамдардың біразы бүгінде өмірден өтіп кетіпті.

1993 жылы Маңғыстау облысына келген неміс фотографы Вольфганг Кайел (Wolfgang Kaehle) мектеп маңында көптеген суреттер түсірген, деп хабарлайды Экспресс К.

Араға ондаған жыл салып жарияланған фотоларды көрген аудан тұрғындары жерлестерін таныды.

©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE
©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE

Бейнеу ауданының тумасы Азамат Таймұханмедовтің 1993 жылы түсірілген суреттегі төрт қызды танитынын айтты. Солдан оңға қарай Раиса Таймұханбетова (Азаматтың әпкесі) , Айнұр Римова (1996 жылы қайтыс болған) және әпкелі-сіңлілі Гүлсім мен Гүлнар Медешовалар.

©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE / Жақсыгүл Әуезова/facebook©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE / Жақсыгүл Әуезова/facebook
©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE / Жақсыгүл Әуезова/facebook

Фотода дәрігер Жақсыгүл Әуезованың жиырмадан енді асқан кезі бейнеленген. "Қазір Ақтауда тұрамын, мамандығым медбике. Жастық шағымнан керемет естеліктің табылғаны қуаныштымын. Ол кезде 22 жаста едім. Осыдан 29 жыл бұрын Бейнеу ауданында теміржол ауруханасының хирургия бөлімінде жұмыс істедім. Қасымдағы әріптесім Бакшагүл Қамысбаева 2017 жылы 49 жасында өмірден озды", — деді сурет туралы Жақсыгүл Әуезова.

©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE
©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE

Аудан тұрғындары бұл кісінің есімі Оразбай Мұханбетов екенін айтады. Олардың айтуынша, малақай киген адам Бейнеу ауданының Ақжігіт елді мекенінде теміржолшы болып қызмет кеткен. 1938 жылы дүниеге келіп, бірнеше жыл бұрын өмірден өтіпті.

©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE
©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE

Егемендік алған жылдары Бейнеу ауданындағы орта мектептердің бірінің оқушысы болған Рима Ережепова. Суреттегі кішкентай қыз сол сәтте неміс фотографының объективіне ілінгенін байқамаған еді.

©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE
©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE

Бейнеулік оқушылар үзіліс кезінде. Бұл уақытта Қазақстанда әлі теңге айналымға еңбеген. "Бұл суретке түскен кездер әлі есімде. Ол фотографтың қалай фотоаппаратын шығарып, бірден түсіргенін де жақсы білем. Сабақтан шығып сағыз алуға барған кезіміз болатын. Сағыздың бағасы 15 тиын тұратын. Сол мезетте фотограф бізді таспаға түсіріп жатты", дейді Римма Ережепова.

©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE / Роза Ермекова©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE / Роза Ермекова
©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE / Роза Ермекова

Бейнеудегі теміржол вокзалының алдындағы үш қыз — Сара, Роза Ермековалар және Ақерке Серікова. "Суретті көріп өзімді бірден таныдым. Дәл осы жылы 5-ші сыныпта оқитын едім", — деді Роза Ермекова (суретте ортада тұр).

©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE
©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE

Суреттегі оқушы қыздың есімі Гүлмира Тайшықова екен. "Бүгінде тұрмыста. Бейнеу ауданының Ақжігіт ауылында тұрады" деп жазды фейсбук қолданушысы Жандос Аманжолов.

©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE
©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE

Бейнеулік бұл оқушының кім екенін анықтау басында мүмкін болмады. "Мына суреттегі бүлдіршіннің аты-жөні Әйгерім Бержанова. Кішкене кезінен бері Әйкен деп атаймыз. Туған ағамның үлкен қызы болады. Әйгерім көз алдымызда өсті. Суреттегі өзі, киген киімдері мен қызыл бантигі де көзіме оттай басылып отыр. Қазір көп жылдан бері Атырау қаласында тұрады.- Балалы шағалы", — деді туыс ағасы Қуаныш Найзағұлұлы.

©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE
©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE

Вольфганг Кайел аудан маңындағы жайылымдарды да назардан тыс қалдырмаған. Шөлейт аймақта жайылып жүрген ешкілер шетелдік қонаққа қызық болған сияқты.

©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE
©Getty IMAGES/Wolfgang KAEHLE

1993 жылдың көктеміндегі Бейнеу суреттері осылайша араға ұзақ жылдар салып жарыққа шығып отыр. Ал нысанаға ілінген жандардың өз бейнелерінің шетелдік сайтта жарияланғанын көріп, таң-тамаша болғаны анық.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров