Дракула сарайы мен жарыс трассасы. Екпе жасайтын ерекше орындар

Дракула сарайы, Рим Папасының ресми қабылдау залы, Урал пойызы, NASCAR жарыс трассасы, Израиль бары ... "Экспресс К" ең ерекше вакцинациялудың пункттерін жинақтап көрді.

Сауда және вакцинация орталығы

Қазақстанда, бүкіл посткеңестік кеңістіктегідей, сауда және ойын-сауық орталықтары мен базарлар, сондай-ақ спорт ареналары халықты коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау мәселесімен айналысатын дәрігерлердің назарын аударды.

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Сонымен қатар, бүгінде вакцинацияны Орталық Азиядағы ең биік ғимараттардың бірінде, астанадағы "Абу-Даби Плазада" жасауға болады.

Егілді де кетті

АҚШ пен Еуропада COVID-19-қа қарсы күреске дәріханалар желісі де іске қосылды. Сондай-ақ, иммунизация орталықтары ерекше жерлерде ашылды.

Дракуланың құлыпы деп аталатын Румынияның Бран сарайы коронавирусқа қарсы вакцинациялау бекетін ашты, деп хабарлайды BranDraculasCastle.

BranDraculasCastle
BranDraculasCastle

Мұндай көрдей қорқынышты жерде вакцина алу үшін алдын-ала жазылудың қажеті жоқ, дейді ұйымдастырушылар. Бірақ барлық вакцина алғандарға Бран сарайында салдырғаны туралы арнайы сертификат беріледі.

Сонымен қатар, "вамп вакцинасына" келгендердің барлығы ортағасырлық азаптау құралдарының көрмесіне тегін кіре алады.

Румыния, Пенсильваниядағы Дракула сарайы
Румыния, Пенсильваниядағы Дракула сарайы

Кет, бәлекет, кет!

Ал Ұлыбританияда ежелгі соборлар мен танымал мұражайлар вакцинация орталығына айналды. Мысалы, коронавирусқа қарсы вакцинаны Солсберидегі әйгілі ортағасырлық соборда және XIV ғасырдағы Личфилд соборында жасауға болады, деп жазады Российская газета.

Ғибадатхана аббаттары осы жамандықтан неғұрлым көп адамдарды сауықтыру мүмкіндігіне ие болғандары үшін қуанышты:

Кімде кім инъекцияны осыдан гөрі әдемі жағдайда алады дегенге сенбеймін. Бұл жердің вакцина алуға келген егде жастағы адамдарға тыныштандырғыш әсері болады деп үміттенемін.

дейді Николас Пападопулос, Солсбери соборының ректоры

Солсбери соборы
Солсбери соборы

Бұл қараңғыда өткен бір жылдан кейінгі үміт сәулесі! Біз вакцина жүргізуге болатын орынды ұсына алатынымызға қуаныштымыз. Бұл екпені таратуды жеңілдету үшін барлық әлеуметтік топтардың бірігуінің символына айналады деп сенемін.

деді Адриан Дорбер, Личфилд соборының ректоры

Личфилд соборы
Личфилд соборы

Жалпы әлемді жалмаған дертке қарсы күрес христиан дінінің цитаделінде де сәтті жүріп жатыр. Ватиканда, Рим Папасының ресми қабылдауына арналған Павел VI залының фойесі вакцина пунктісіне ыңғайлап жабдықталған.

Аудитория, Ватикан
Аудитория, Ватикан

Кедейлер де Рим Папасы мен Қасиетті Тақтың жұмысшылары алған вакцинаны алады.

деп хабарлайды Vatican News.

Айтпақшы, БАӘ-дегі католик шіркеулерде де екпе жасалды: адамдар қасиетті Иосиф шіркеуінде, Әулие Мария шіркеуінде, Павел шіркеуінде екпе алды.

"Ғылыми-танымдық" вакцинация орталықтарының қатарында Лондон ғылыми мұражайы бар, оны 2019 жылы үш миллион адам тамашалады, ал қазір оқшаулауға байланысты соборлар сияқты бос тұр.

Ғылым мұражайы, Лондон
Ғылым мұражайы, Лондон

"Жүрдек пойыз кетті, саған қолым жетті"

Уралда ерекше вакцина пункті жұмыс істей бастады. Вакцинаны Челябіден Магнитогорскке қарай жүретін пойыздың вагонында жасайды, деп жазады Vesti.ru.

Және бұл Ресей Федерациясының үлкен аумағындағы тұрғындарды екпемен қамту жөніндегі ірі жобаның бір бөлігі ғана.

Осылайша, Ресейдің ауруханалары жоқ шалғай елді мекендеріне вакцинация басталған кезде белгілі кеңестік және ресейлік хирург Федор Угловтың есімі берілген арнайы медициналық пойыз жіберіле бастады. Euronews-тің хабарлауынша, бұл жылжымалы пункт Сибирь мен Қиыр Шығыс аудандарында жүздеген темір жол станцияларына тоқтап, COVID-19-қа қарсы Ресей вакцинасын алғысы келетіндерді екпемен қамтиды.

brestcity.com
brestcity.com

Біздің өміріміз — ине!

Коронавирусқа қарсы соғыста Мельпоменнің храмдары да қамалға айналады.

1923 жылғы аутенттік ғимаратта орналасқан Ұлыбританияның Честерфилд қаласындағы Winding Wheel театры, жыл басынан бері COVID-19 вакцинация орталығына айналды, дейді Joined Up Care. Бұл жерде екпені тікелей театр сахнасының алдында жасайды.

Мәдениет қайраткерлерінің жеке бастамалары бойынша, 2021 жылдың басында дәл осындай жылжымалы пункт Мәскеудің "Хеликон-Опера" музыкалық театрында ашылған.

"Геликон-опера", Мәскеу
"Геликон-опера", Мәскеу

Бар, машина, екі шприц...

Барлар да осы қызметті ұсына бастағанда, пойыздар мен операны айтуға келмес.

Мысалы, ақпанда Израильде вакцинаны Тель-Авивтегі Джения барына кіре берісте алуға болатын. Вакцина егілгендерге алкогольсіз сусынды тегін алуға ваучер берілді, деп жазады TUT.by.

timesofisrael.com
timesofisrael.com

Бірақ Америка Құрама Штаттары жай күндері NASCAR жарыстарын өткізетін Richmond Raceway жарыс трассасында (Вирджиния штаты) екпе пунктісін ұйымдастырып, вакцинация жылдамдығын күрт арттыруға тырысты.

Айтпақшы, кейбір елдерде вакцинаны өз көлігінен шықпай-ақ алатын етіп ұйымдастырған. Мәселен, Италияның Милан қаласында көлік жүргізушілері үшін арнайы пункт ашылды. Процедура бас-аяғы бес минутты алса, тағы 15 минут автотұрақта жағымсыз реакцияларды бақылау үшін болу керек. Бұл пункт күніне 2000 вакцинацияға арналған!

rbc.ru
rbc.ru

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров