Бүгіннен бастап елімізде не өзгереді?

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бүгін 1 шілдеден бастап қолданыстағы көптеген заңдарға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер күшіне еніп, арыз-шағымдарды қараудың жаңа тәртібі мен жүйесі іске қосылады. Осы орайда ЭК арнайы шолу ұсынып отыр.

Жаңа Кодекс пен сот

Әлеуметтік желіденӘлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіден

1 шілдеден бастап азаматтар мен бизнестің мемлекеттік органдармен арасындағы дауларды шешу тәртібін реттейтін жаңа Әкімшілік іс жүргізу-процессуалдық кодексі күшіне енеді.

Ел аумағында жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен арасындағы дауларды шешуге бағытталған Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттар өз жұмысын бастайды.

Жоғарғы сот пен облыстық соттарда енді әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрылады.

Инвесторларға қатысты дауларды Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қарайды.

Арыз-шағымдарды жаңаша қабылдау

1 шілдеден бастап "e-Otinish" ақпараттық жүйесі арқылы өтініштер қабылдайтын бірыңғай арна іске қосылады. Мәселен, "Қазпоштамен" қағаз жүзінде жолданған өтініштердің өзі цифрлық форматқа ауыстырылып, электронды түрде тіркеледі, ортақ базаға тіркеледі.

Салықтар

©ЭК/Андрей ХАЛИН©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

6 АЕК-тен (айлық есептік көрсеткіш) немесе 17 502 теңгеден жоғары салыққа қарызы барлардың банктегі есеп-шоттарына бұғат қойылып, олар банк қызметін пайдалана алмай қалады. 1 АЕК — 2 917 теңге екенін еске салған жөн.

Кәсіпкерлер мен өзге де заңды тұлғалардың карантин мен пандемия кезіндегі медициналық шығындары табыстарынан алынып тасталады.

ҚР Салық жүйесінің кейбір кодекстеріне өзгертулер енгізіледі.

Экология мен электроэнергия

PixabayPixabay
Pixabay

ҚР Экологиялық кодексіне және заңнамаларына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар күшіне енеді. Мәселен, ауаны ластайтын алып компаниялар қоршаған ортаға әсер ету бағалауынан өтіп, арнайы рұқсат алуы тиіс. Сондай-ақ, Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы кодекстің экология туралы баптарына өзгерістер енгізіліп, күшіне енеді.

ҚР Энергетика министрлігі электр қуатын тұтынудың шекті тарифін төмендетеді.

Кәсіпкерлерді қолдау

Әлеуметтік желіденӘлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіден

ҚР Кәсіпкерлік кодексінде әлеуметтік кәсіпкерлікті реттейтін жаңа тарау пайда болады.

Бас прокуратура кәсіпкерлерді жартыжылдық тексеру кестесінің формасын және кестеге өзгерістер енгізу ережесін бекітті.

1 шілдеден бастап "Атамекен" ҰКП кәсіпкерлер үшін серіктестердің бизнес-тізімін іске қосады. Бұл өз кезегінде адал серіктес табуға көмегін тигізбек.

Бизнесмендер БСН, ЖСН деректерін, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауын немесе азаматтың толық аты-жөнін пайдалана отырып, әлеуетті контрагенттің адалдығын өздігімен бағалай алады. Бизнес-тізімге 22 ақпараттық жүйе біріктірілген.

Кәсіпкерлер "Бизнестің жол картасы-2025" аясында сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін несиелік кепілдіктер немесе мемлекеттік гранттар алу, сондай-ақ өндірістік инфрақұрылым жүргізу арқылы қолдау ала алады.

Мемлекеттік сатып алу туралы типтік келісім-шарттар тапсырыс берушіге берілетін құжаттар тізімі бойынша өзгертілді.

Тауарлар мен техникалық регламенттер

PxherePxhere
Pxhere

1 шілдеде "Техникалық реттеу туралы" заң күшіне енеді. Оның мақсаты — қазақстандықтар үшін өнімнің сапасын, бәсекеге қабілеттілігін және қауіпсіздігін арттыру.

Заң тауарлардың бекітілген стандарттарға сәйкестігін бағалау процедураларын жетілдіреді және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау рәсімдерін реттейді.

Техникалық реттеу туралы ұлттық заңнамалар ЕАЭО заңнамалық базасына сәйкестендіріледі.

Заң нормалары техникалық регламенттерді әзірлеуді, тізімге сәйкес өнімдердің техникалық регламентке сәйкестігін сынауды, өнімді таңбалауды, сәйкес келмейтін өнімді кері қайтарып алуды, бірыңғай тізімге енгізілмеген өнімді айналымға шығаруды, тәркіленген өнімді сақтауды реттейтін бірқатар заңға тәуелді актілерде егжей-тегжейлі баяндалған.

Туристік қызмет

©ЭК/Андрей ХАЛИН©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

Туристік қызмет субъектілеріне енді жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істейтін гидтер, экскурсия жетекшілері, туризм нұсқаушылары кіреді.

Шығу, келу және ішкі туризм саласындағы туроператор қызметінің осы қызметтің лицензияланған тармағы екендігі нақтыланды.

Денсаулық сақтау министрлігі құрылыс және жөндеу кезінде еңбек жағдайы мен тұрмыстық қызмет көрсетуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекітті. Жұмыс берушілер ережелерді орындауға міндетті.

Нотариус пен аудитор қызметі

PxherePxhere
Pxhere

Нотариус ЭСҚ көмегімен электронды құжаттарға қатысты нотариалдық іс-әрекеттерді жүзеге асырады және БНАЖ-ға деректер енгізеді. 6 шілдеден бастап аудиторлық қызмет мәселелері бойынша түзетулер күшіне енеді.

Атап айтқанда, коммерциялық емес ұйым — Аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес құрылады.

Заңды жетілдіру бойынша аудиторлық және кәсіптік ұйымдардың тексеру критерийлері, аудиторлардың біліктілігін арттыру ережелері, тексеру парақтары және тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері, міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын минималды талаптар, аудиторлыққа үміткерлерді аттестаттау ережелері бекітілді.

Жаңа санитарлық талап

©ЭК/Андрей ХАЛИН©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі құрылыс және жөндеу кезінде еңбек жағдайы мен тұрмыстық қызмет көрсетуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекітті. Жұмыс берушілер ережелерді орындауға міндетті.

Ұлттық банк

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Ұлттық банк төлем ұйымдарының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшерін — төлем қызметтерінің түріне байланысты 30 миллионнан 100 миллион теңгеге дейін белгіледі.

Ұлттық Банк филиалдарының немесе қызметкерлерінің әрекеттеріне "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электронды түрде шағымдануға болады.

Шетелдіктер мен жолаушылар

©ЭК/Андрей ХАЛИН©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

Шетел азаматтары ҚР аумағында уақытша болуға рұқсат алу үшін аумақтық полиция органдарына немесе Мемлекеттік корпорация арқылы, немесе электронды үкімет порталы арқылы белгіленген үлгідегі өтінішпен жүгінуі керек.

1 шілдеден бастап жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған автобустар мен шағын автобустар спутниктік навигациямен жабдықталады. Тасымалды ұйымдастырушы нақты уақытта көлік құралының қай жерде екенін бақылай алады.

    Танымал

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров