Қарағанды облысында бір тәулікте 9 жерден өрт тұтанды

Ауғанбек МАНАРБЕКҰЛЫ

ТЖД

Оның ең ірі екеуі Ұлытау ауданында тұтанып, 920 га жайылым отқа оранған, деп хабарлайды ЭК.

Алғашқыда дала өртін сөндіруге жергілікті мамандардан 150-ден астам адам, 20 техника жұмылдырылды.

Бой бермеген өртті сөндіруге ТЖД қосымша 42 өрт сөндіруші мен 3 техника жіберді. Сондай-ақ, тілсіз жау шарпыған аумаққа "Казавиаспас" қызметінің "Еврокоптер-145" тікұшағы және Қызылорда қаласынан су тасымалдау құрылғысымен жабдықталған МИ-8 тікұшағы шақырылды.

Өңірде, бұдан бөлек, 50 гектардан аспайтын 7 дала өрті тіркелді.

ТЖДТЖД
ТЖД

4 маусым күні өртенген аймақты бақылау барысында Қоскөл ауылынан 40 шақырым жерден "УАЗ" маркалы өртенген көлік және 1998 жылы туған жүргізушінің мәйіті табылды. Шиелі құдық жайылымында 200 бас қой-ешкі мен 10 ірі қараны күйік шалып, мал шығыны болған.

Қазіргі таңда әлі де Ұлытау ауданындағы 2 өрт пен өзге де аймақтардағы 5 жаңадан тұтанған аймақ бақылауға алынған. Дала өртін сөндіруге 396 адам, 70 техника, 2 тікұшақ жұмылдырылды. Жергілікті билік Жангелді, Ақтасты және Амангелді ауылдық округтерінің аумағында төтенше жағдай жариялады. Шығын көлемі есептеліп жатыр. Өрттің елді мекендерге таралу қаупі жоқ деп танылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров