Ақмола облысында да дала өртінен адам қаза болды

Ауғанбек МАНАРБЕКҰЛЫ

ТЖД

Біржан сал ауданында өрт қаупінің 5-ші дәрежелі қаупі жарияланды. Өртпен күрескен жергілікті тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды ЭК.

Бүгін Ақмола облысының Біржан сал ауданы Жаңалық ауылы маңында шамамен 960 гектар жайылым отқа оранды. Өрт әлі сөндірілген жоқ.

Төтенше жағдайлар департаменттің мәліметі бойынша, өртпен күреске 100-ден астам адам мен 19 техника жұмылдыдырған.

Сондай-ақ, осы ауданның Краснофлотск ауылдық округінде шамамен 530 га алқапты өрт шарпыған. Дала өрті Белағаш ауылына 7 шақырым қашықтыққа дейін жақындап келген.

Өрттің ауылға енуінен қауіптенген тұрғындар тілсіз жаумен өздері күресуге бел байлайды. Алайда, ұйытқи соққан жел салдарынан тұрғындар өрт қоршауында қалып қойған.

Ауылдастарынан көз жазып қалған 1984 жылы туған ер адамды күйік шалып, ол аудандық ауруханаға барар жолда жан тәсілім етті. Мұндай қайғылы жағдай Қарағанды облысында да болды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров