Тікұшақ апатты жағдайда қонды

Болат МӘЖИТ

Алматы облысында Eucopter “EC 130B4" тікұшағы апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды ЭК.

Оқыс оқиға 5 шілде күні сағат 17:40-та болған. Тіркеу нөмірі UP-EC008, "Q-AVIA" ЖШС-ға қарасты тікұшақ бортында 1 экипаж және 2 жолаушы отырған. Зардап шеккендер жоқ.

Аталған факті бойынша комиссия құрылды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы тергеу жұмыстарын бастады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров