Әскери техникалардың үлгісін жасайтын зейнеткер

Болат МӘЖИТ

Хабар 24

Павлодарлық зейнеткер Владимир Найданың осы іспен айналысқанына 45 жыл болған, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы "Хабар 24" жазады. Зейнеткердің жинаған коллекциясы белгілі тарихи кезеңдерді қамтиды. Сондағы қарулы күштердің қандай болғанын көз алдыңа келтіреді. Қазір оның аядай бөлмесі музейден кем емес. Шебер қолдан шыққан әскери техникалардың үлгілері көрген жанды таңғалдырмай қоймайды.

Бұл жерде не жоқ дейсіз, бәрі бар. Танктер, зеңбіректер, ЗИС автокөліктері, тіпті немістерге ойсырата соққы берген атақты "Катюша" да бар. АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Италия, Испания ұшақтары да осында тұр. Зейнеткердің бұл ісін хобби деу олқы соғатын сияқты. Бұл — нағыз шығармашылықтың өзі.

Әскери техникалардың моделін жасау мені ерекше қызықтырды. Бала кезімнен айналыстым. Бұл іс төзімділікті, икемділікті, ізденісті қажет етеді. Сонда ғана нағыз модель шығады,

дейді зейнеткер.

Зейнеткердің жас жігіттей ширақ жүретін сыры енді белгілі болды. Өйткені шабыт адамды шаршатпайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров