Жағалауға жете алмаған 19 адам құтқарылды

Болат МӘЖИТ

ҚР ТЖМ Баспасөз қызметі

Ақмола облысы Бурабай көлінде өз еркімен жағалауға жете алмаған 19 адам құтқарылды, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. 5 шілде күні кешкісін ауа-райы аяқ астынан тосын мінез көрсетіп, қатты жел тұрады. Көл ортасында қайық және катамаранмен алаңсыз жүрген туристер жел өтінде қалып, жағалауға жете алмай қалған.

ҚР ТЖМ Баспасөз қызметіҚР ТЖМ Баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ Баспасөз қызметі

ТЖД құтқарушыларының жедел іс-қимылдары арқасында көл ортасында қалған 19 адам құтқарылды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Мамандар демалушыларға қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров