Поездағы келеңсіз жағдайға қатысты ҚТЖ жауап берді

Болат МӘЖИТ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Алматыдан Алакөлге қатынайтын пойыздағы жайсыздыққа байланысты ҚТЖ қызметкерлері жолаушылардан кешірім сұрады, деп хабарлайды ЭК.

ҚТЖ Баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы-Алакөл бағытына қатынайтын №211 пойыз коммерциялық болғандықтан, билет бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді. Аталған бағыттың билеттерін сату, авиакомпаниядағыдай динамикалық тариф құру жүйесі арқылы жүзеге асады. Егер жолаушы билетті бір күн бұрын немесе пойыз жүрерге 1 сағат қалғанда сатып алса, жүйе билет бағасын көтерме коэфициенттерімен ұсынады. Билет бағасының құны 18316 теңге болып отырғанын атап өткіміз келеді. Қалғаны жекеменшік билет сатушылардан алынатын агенттік алым. Егер жолаушылар билеттерді ҚТЖ сайты немесе қосымшасы арқылы онлайн режимде сатып алса, аталған алымның ақысын төлемейді.

"Пойыздың кешігуіне келсек, бұл орайда жолаушылардан кешірім сұраймыз. Жазғы маусымда инфрақұрылым қызметіне байланысты жұмыстар жүргізілетіндіктен, осындай келеңсіз жағдайлар болуы мүмкін. Пойыздардың кешігу уақытын мейлінше азайту үшін барынша күш саламыз" делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, белгілі спорт комментаторы Рауан Оқастың Алматыдан Алакөлге бет алған жолаушылар пойызы ішіндегі келеңсіздік туралы бейнежазбасын ЭК бүгін жариялаған болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров