37 жасқа толғанда ғана ҚР азаматы атанды

Болат МӘЖИТ

CҚО-да 37 жастағы тұрғын өмірінде алғаш рет азаматтық құжат алды, деп хабарлайды ЭК.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оның құжатының жоқтығы болашақ жарымен неке қию үшін АХАЖ-ға өтініш бергенде анықталған. Ер адамның тіпті туу туралы куәлігі де жоқ болып шыққан. Тек қажеттілік туындағанда соның бәрін реттеуге кіріскен. Сол үшін біраз шапқылады. Бұрын бас сұқпаған есіктерді ашты.

Қызылжар аудандық полиция бөлімі қызметкерлері азаматтықты анықтау рәсімін жасауды жылдамдатты. Нәтижесінде толыққанды ҚР азаматына айналды. Енді мемлекеттік және медициналық қызметтерді пайдалана алу құқығына ие болды. Ресми түрде жұмысқа орналасатын мүмкіндіктерге қол жеткізді.

"Қызылжар ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының қыметкерлері менің жағдайыма түсіністікпен қарады. Өз міндеттерін лайықты атқарғаны және көмек қолдарын созғандары үшін ол кісілерге алғысым шексіз. Барлық азаматтық құжаттарды аз уақыттың ішінде түгендеп, рәсімдеп берді", — депті ол СҚО полициясы депатарментінің бастығы Марат Төлебаевтың атына жазған хатында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров