Халықаралық турнирлер қазақ хандарының есімімен аталады

Болат МӘЖИТ

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтанда "Президент кубогы – 2021" аясында теннистен өтетін үш халықаралық турнир қазақ хандарының есімімен аталады, деп хабарлайды ЭК.

Ұйымдастырушылар осылайша ұлы тұлғаларды ұлықтауды жөн көрген. Әйелдер жарысы "Tomiris W60" деген атпен сақ патшасы Томиристің құрметіне арналған. Ал, "Kerey Challenger 80" мен "Zhanibek Challenger 80" турнирлері Жәнібек пен Керей ханның есімдерін еске түсіреді.

Prosport.kz сайтының жазуынша, 11-28 шілдеде өтетін халықаралық додаға 100-ден астам спортшы қатысады. Президент кубогы аясында өтетін бұл жарыс 1991 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Жыл өткен сайын турнирдің беделі артып, бүгінгі таңда халықаралық аренадағы өзіндік орнын қалыптастырған.

"Басты мақсат — елордаға әлем елдерінің мықты ойыншыларын тарту. Сол арқылы жастарымыз тәжірибе жинақтап, шеберліктерін арттыра түседі. Жарыстың деңгейі жоғары болуы үшін барымызды саламыз" — дейді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский.

Аталған турнирде Денис Евсеев, Гөзал Айнатдинова, Достанбек Ташболатов, Жібек Құламбаева және Григория Ломакин ел намысын қорғайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров