Сотталғандар арасында қол күрестен жарыс өтті

Болат МӘЖИТ

ПД баспасөз қызметі

БҚО-да түрмеде жазасын өтеушілер армрестлинг спортынан өзара сынға түсті, деп хабарлайды ЭК.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, РУ-170/3 түзету мекемесінде өткен турнир Астана күні мерекесіне арналған. Аталған жарысты БҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаменті облыстық дене шынықтыру және спорт басқарамасымен бірлесіп ұйымдастырған.

Қол күрестіруге сотталғандар белсенді түрде қатысты. Тіпті көру қабілітенін айырылған 1 топтағы мүгедек те күш сынасты. Жарыста өнер көрсеткендердің барлығы марапатталды.

"Мұндай спорттық шараны ұйымдастыру сотталған азаматтардың салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына, жақсы жолға түсуіне ықпал етеді", — дейді тәрбие жұмысы бойынша басшының орынбасары Алтынбек Өскенбаев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров