Мүмкіндігі шектеулі балалар иппотерапиямен тегін емделеді

Болат МӘЖИТ

Әлеуметтік желіден

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеуге арналған иппотерапия жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы "Егемен Қазақстан" газеті жазады. Аталған жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай және Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қорының "Қамқорлық" жобасы аясында қолға алынды. Бүгінгі күнге дейін иппотерапия қызметі Алматыда ақылы болып келген. Енді бұл емдеу әдісі қалалық бюджет есебінен қаржыланып, жылына жүздеген бала тегін ем ала алады.

Жобаны Paralympic Sports Association қоғамдық қоры Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының қолдауымен мемлекеттік тапсырыс аясында жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырып отыр.

Мұндағы жұмыстар психоневрологиялық аурулары, ақыл-ой кемістігі, БЦП, Даун синдромы, аутизм спектрі бұзылған 18 жасқа дейінгі балаларды емдеуге бағытталған. Ем-дом неғұрлым ерте басталса, оның сауықтыру мүмкіндігі де соғұрлым тиімді болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров