COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 439 580 ЖАЗЫЛҒАНДАР 403 388 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4489


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 мың 618 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады сейсенбіде covid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір күн бұрын елде 3 мың 031 covid-19 оқиғасы расталды.
Пандемия басталғалы бері елде барлығы 439 мың 580 covid-19 жағдайы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 710,
Алматы қаласында — 277,
Шымкент қаласында — 103,
Ақмола облысында — 124,
Ақтөбе облысында — 42,
Алматы облысында — 88,
Атырау облысында — 154,
Шығыс Қазақстан облысында — 55,
Жамбыл облысында — 60,
Батыс Қазақстан облысында — 181,
Қарағанды облысында — 490,
Қостанай облысында — 54,
Қызылорда облысында — 30,
Маңғыстау облысында — 83,
Павлодар облысында — 105,
Солтүстік Қазақстан облысында — 30,
Түркістан облысында — 32.
Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 403 мың 388 адам емделді, оның ішінде 1 мың 267 адам соңғы тәулікте.