Елбасы: "Астана 500-600 мың тұрғыны бар шенеуніктер қаласы болуы керек еді"

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Елбасы Нұр-Сұлтан қаласының жобасын алғаш жоспарлауға қатысқан сәулетшінің еңбегін еске алды, деп хабарлайды ЭК.

"Nur-Sultan. Қолтаңба" деректі фильмінде қала сәулеті туралы сөз қозғаған Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы жобаны жобаны қатысқан жапон сәулетшісі Кисе Курокаваның еңбегі жайында айтты. Ол өз сөзінде елорданың кейбір көшелерінің тығыздығын Курокавадан көруге негіз жоқ екенін жеткізді.

Бұл дұрыс емес, Курокава кінәлі емес. Біз бәріміз 500-600 мың адамға арналған әкімшілік қала болады, онда шенеуніктер жұмыс істейді, министрліктер болады деп ойладық. Вашингтон сияқты. Бірақ біздің болжамдарымыз орындалмады,

деді Елбасы.

Қазір қалада 1,2 миллион адам тұратынын айтқан Нұрсұлтан Назарбаев 2030 жылға қарай ол екі миллионнан асады деп болжап отыр. Ал тұрғындар мен көліктердің көптігінен көшелер тарылып бара жатқанына қатысты ол қаланың толассыз тірілігін тоқтату да мүмкін еместігін жеткізді.

Мысалы, қазір Мексика астанасының халқы 20 миллионнан асты және оларға ешқандай шара көмектеспейді. Әрине, бұл шектеулі болуы мүмкін, бірақ, екінші жағынан халықтың көптігі қала үшін пайдалы. Сауда қызады, туристер көп келеді, жұмыс та табылады,

деді Елбасы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров