Нұр-Сұлтанда ат жарысынан Елбасы кубогы турнирі өтті

Лаура БИҒАЛИ

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Астанада бәйге түрлерінен Елбасы кубогы республикалық турнирі өтті. Дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірінен 150-ден астам сәйгүлік қатысты, деп хабарлайды ЭК

Елорда әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, шабандоздар бәйгенің бес түрінен бақ сынады. Шара барысында алғаш рет қазақтың қазанаты саналатын Қостанай тұқымды жылқылардың 23 шақырымдық бәйгесі өтті.

Әкімдіктің баспасөз қызметіӘкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

Сосын Елбасы кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Әкімдіктің баспасөз қызметіӘкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

"Құнан" бәйге бойынша бірінші орынды Бекнұр Жорабек жеңіп алды, екінші және үшінші орындарды Жақсылық Абылайхан мен Елнұр Медетбеков еншіледі. "Кіші аламан" бәйгеде Жақсылық Серікжан 1-орынды қанжығасына байласа, Байқам Асанқұлов 2-орынды, Хакімбек Қожақов 3-орынды иеленді. Қостанай тұқымды жылқылардың бәйгесінде Матвей Ватисовтың тұлпары өзгелерден оза шапты. 2-орынды Халид Әбдірахмановтың, ал 3-орынды Нұрислам Ораздың сәйгүліктері жеңіп алды. "Аламан" бәйгеде Байқан Асанқұлов бірінші болып келді. Нұраит Нұрбай екінші, Ершат Омарғалиев үшінші орынға жайғасты. Ал төртінші орын Нұрлы Шынтасқа бұйырды.

Бәйгенің жалпы жүлде қоры — 21 млн теңге.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров