Атырау облысы әкімі: Қала әкімі ауыспайды

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Облыс әкімдігі Атырау қаласы әкімі Қайрат Оразбаевтың орнынан кетеді деп таралған ақпараттың жалған екендігін айтты, деп жазады ЭК.

Әлеуметтік желіде мұнайлы астананың әкімі ауысуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ оның орнына қазіргі Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов тағайындалады деген болжам да айтылды. Алайда Атырау облысының әкімі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

— Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновті Атырау қаласының әкімі етіп тағайындау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі таңда Атырау қаласы әкімдігінің басшылығында кадрлық өзгеріс жасау жоспарланбаған, — деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек.

Қала әкімі Оразбаевтың 2 шілдеден бері сырқатына байланысты демалысқа шыққаны белгілі болды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров