Атыраудағы өрт: ұлы да қайтыс болды

Фархат ӘБІЛОВ

ТЖД

Атырауда өрттен денесінің 85% күйік шалған 12 жастағы бала ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды ЭК.

ЭК бұрынырақ Атырау қаласы маңындағы Тасқала ауылындағы үйден өрт шығып, содан әйел қаза тауып, оның баласының ауыр халде аураханаға жеткізілгенін жазған болатын.

— Бала 85% термиялық күйікпен әкелінді. Жағдайы ауыр болды. Бірден жансақтау бөліміне жатқызып, қолдан келген барлық көмекті көрсеттік. Өкінішке қарай, ол қайтыс болды, — деп мәлімдеді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Өрттің нақты себебі әлі анықталған жоқ. Анасы мен ұлы қайтыс болған отбасында әкесі мен қызы қалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров