Бас ауруы мен коронавирустың белгісін қалай ажыратуға болады?

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Pxhere

Бас ауруы коронавирустың Дельта штаммының ең көп таралған симптомына айналды, деп хабарлайды ЭК.

"РИА Новости" агенттігінің жазуынша, COVID-19 жұқтырғандардың үштен екісі бас ауруы мазалайтынын айтады. Бұл симптом, әсіресе, 40 жастан асқандарда көп кездеседі дейді Лондондағы Корольдік колледжінің генетикалық эпидемиология профессоры Тимоти Спектор

Бас ауруы үш-бес күнге дейін созылады екен. Ол ауыр жағдайда өтуі мүмкін. Профессордың айтуынша, ол кезде ауруды басатын дәрілер де көмектеспейді.

Әдетте ауру бастың екі жағынан дірілдеп сезілуі мүмкін. Өткір түрі болады. Кей жағдайда тез басылады,

деп түсіндірді Тимоти Спектор.

Сондай-ақ, эпидемиолог вирус жұқтырғандардың 15 пайызында коронавирус инфекциясының осы түрі ғана кездесетінін айтты.

Ағылшын ғалымдарының зерттеуіне сәйкес, аурудың негізгі белгісі суық тигенде өршиді. Яғни науқасты бас, тамақ ауруы, мұрыннан су ағу, түшкіру және құрғақ жөтел мазалайды.

В.1.617 вариантты коронавирусы алғаш рет Үндістанда 2020 жылдың қазан айында анықталды. Кейін В.1.617.1, В.1.617.2 дельта бірнеше рет мутацияға ұшырап, әртүрлі елдерде таралған.

Дельта штаммы жақында біраз елде табылды және дәрігерлердің айтуынша, ол Үндістандағы COVID-19 екінші толқынына негізгі себеп болуы мүмкін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров