Ұлықбек Есдәулет: "Нұр-Сұлтан қаласы ақындарды шабыттандырады"


Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен
Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет халыққа өзінің Астана күнімен құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды ЭК
Ақын Нұр-Сұлтан қаласының мемлекетіміздің жүрегі, экономикалық дамудың тірегі, еліміздің мәдени келбеті екенін атап өтті.
"Бұрын Ақмола, кейін Астана, ал бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы ретінде танымал. Біз қаланың қалай дамып, ғимараттардың бой көтеріп, көшелердің абаттандырылуына куә болдық. Мұнда Батыс пен Шығыстың стилі араласып, Астананы ерекше сәулет нысанына айналдырды", — деді Ұлықбек Есдәулет.
Жасыл желегі көрік беретін қалаға ақынның өзі әлі талай жыр жолдарын арнамақ.