Алматыда жол апатынан кейін болған жанжалға қатысты полиция түсініктеме берді

Лаура БИҒАЛИ

Бейнеден кадр

Жол-көлік оқиғасына себепкер болған мас жүргізушінің ісі Бостандық ауданының Полиция басқармасында қаралып жатыр, деп хабарлайды ЭК

"А. есімді азамат, жол қозғалысы ережесін бұзып, алкогольдік мас күйінде Мерседес автокөлігін жүргізді. Сөйтіп, ол Казачка көшесімен солтүстік бағытта келе жатып басқа Мерседес пен BMW-ны соққан. Екі көлікке де зақым келген жоқ", — дейді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Абырой болғанда, жол апатынан адам шығыны жоқ.

Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы Алмаарасан шатқалында болды. Kris_p_video жариялаған жазбада мас жүргізушінің жолдың шетінде тұрған екі бірдей мәшинаны қаққаны туралы айтылады. Жүргізуші онысымен қоймай, жанжало шығарған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров