Еліміздің десанттық шабуылдау әскері кәсіби мерекесін атап өтті

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бүгін - десанттық шабуылдау әскері күні, деп хабарлайды ЭК.

2000 жылдың 6 шілдесінде тұңғыш президент Жарлығымен ҚР Қарулы Күштері құрамында алдымен Ұтқыр күштері кейін Аэроұтқыр әскері болып қайта құрылды. Ал 2017 жылы құрылым өзгеріп, десанттық шабуылдау әскеріне айналды.

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, осы құрылымды бірнеше жылдар бойы генерал-майор Уәли Еламанов, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев, генерал-майор Әділбек Алдабергенов, генерал-майор Дәулет Оспанов, генерал-майор Алмас Жұмакеев, генерал-майор Қайдар Қарақұлов, майор Қаныш Әбубәкіров басқарды. Десанттық-шабуылдау әскерін қазір генерал-майор Мереке Көшекбаев басқарып отыр.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметіҚР ҚМ Баспасөз қызметі
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Бүгінде денсанттық шабуылдау әскері жоғары мобильді және әскери құраманың заманауи технологияларымен жабдықталған.

Олардың әскери күші десанттық шабуылдан, артиллериядан, барлаудан, бітімгершілік құрамалардан, бөлімдер мен бөлімшелерден тұрады. Десанттық шабуылдау әскері бітімгерлікті жүзеге асыруға көп үлес қосып келеді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметіҚР ҚМ Баспасөз қызметі
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Айта кетейік, "Қазполктің" жауынгерлері 2003 жылдан 2008 жылға дейін Ирактағы бітімгерлік миссиясына қатысты. 2018 жылдан бастап БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері құрамындағы қазақстандық контингент "Қазполк" пен Тілендиев атындағы бітімгерлікті даярлау орталығының базасында дайындалды.

Сондай-ақ, бұл саланың өкілдері барлық жаттығуларға, оның ішінде халықаралық жаттығуларға үнемі қатысып, сәтті өнер көрсетіп жүр.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметіҚР ҚМ Баспасөз қызметі
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

— Десанттық шабуылдау әскері әрдайым жоғары дайындықты, кәсіби шеберлікті және ең қиын тапсырмаларды орындау барысында сыналады. Бұл салаға сарбаздар қатаң іріктеу арқылы келеді. Әскер құрамындағылардың спорттық санаттары бар. Олар психологиялық жағынан тұрақты болады", — дейді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров