Қостанай облысында мүгедек бала жоғалып кетті


Қостанайда кеше кешкісін жоғалған 2009 жылы туған ер бала әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды ЭК.
"ДОС" іздеу-құтқару жасағы үйлестірушісінің айтуынша қазіргі таңда іздестіру жұмысына 100-ге тарта полиция қызметкері мен 80-нан астам ерікті жұмылдырылған. "Өз еркімен қатарымызға қосылып жатқан тұрғындар бар. Бір тәулікке жақындады, ешқандай деректің болмауы алаңдатады, — дейді Олеся Логошиновачевская.
Жоғалған бала туралы барлық ақпарат төменде берілген.