«Qazaq. Алтын адам тарихы» фильмінің таныстырылымы өтті

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Бейнеден кдар / Оливер Стоун

Америкалық режиссер Оливер Стоун фильмді түсіруге 19 ай еңбек еткен, деп хабарлайды ЭК.

Орталық коммуникациялар қызметінде "Оскар" сыйлығының 3 мәрте иегері, "Алтын глобус" сыйлығының 5 мәрте иегері, атақты кинорежисер, продюсер, сценарист Оливер Стоунның продюсерлігімен жарық көрген "Qazaq. Алтын адам тарихы" атты фильмнің тұсаукесері алдындағы таныстырылымы өтті.

Баспасөз мәслихатында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев сөз алып, фильмнің шығу тарихына тоқталды.

"Оливер Стуон мырза бұрынғы Кеңестер Одағындағы Орталық Азия мемлекеттерін осыған дейін жан-жақты зерттеген. Әлемге ұсынуға лайық тұлға іздеген. Жаңа заманның, жаңа көшбасшысы ретінде таңдауы Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа түсіпті", — деді Қырымбек Көшербаев.

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Елбасы мұндай сүйекті туындыға қай жағынан да лайықты тұлға екенін атап өтті.

Өйткені әр елдің келбетін оның табиғатының ландшафты емес, жерастының байлығы емес, тұлғалары, қабырғалы азаматтары қалыптастырған деп аяқтады Қырымбек Көшербаев өз сөзін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров