Түрікменстанда аптап ыстықтан ішкі бағыттағы рейстерге шектеу қойылды


«Түрікменстан» авиакомпаниясының ұшағы
Түрікменстанда ауа температурасы 45 градустан асты, деп хабарлайды ЭК
Turkmen.news басылымының жазуынша, аптап ыстық салдарынан ішкі бағыттағы ұшақтар белгілі бір уақыт аралығында ғана жүретін болды. Яғни күндіз сағат 12:00-ге дейін және кешке сағат 19:00-ден кейін ұшады.
Сонымен қатар, күндіз жүрдек пойыздардың да қапырық ыстыққа байланысты уақыты ауысты. Әзірге бұның қанша уақытқа созылатыны белгісіз.