"Министр жалақысын осы жігітке берсін!" Асарлатып шөп жинаған азамат жайлы

Фархат ӘБІЛОВ

Facebook / Гүлбану Әбенова

25 жастағы Құрмет Талапқазы қуаңшылықтан зардап шегіп отырған облыстарға шөп шабу үшін он шақты адамның басын қосып, қаржылай көмек жинады, деп хабарлайды ЭК.

Жігіттің асарға қол жинап, шаруаларға көмек көрсетуды бастағанын журналист Гүлбану Әбенова Facebook-тегі парақшасында жазды.

— 25 жастағы Құрмет Талапқазы — мемлекеттік марапат "Құрмет" орденіне лайық. Ол өзі сияқты жастарды ерікті түрде шөп шауып, оны жинап мал қырылып жатқан аймақтарға жіберуге үндеуде. Он шақты адам оған қолдау білдіріп, өзге аймақтарға шөп дайындап жіберуге көмекке келген. Бір аптаның ішінде малға қажет ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға 1 миллион теңге жинаған. Ауыл шаруашылығы министрі миллион теңге жалақысын осы жігітке берсін! — деп жазды Әбенова.

Осыған дейін ЭК Маңғыстау облысында қуаңшылықтан мал қырылып жатқанынын жазған еді. Осындай қиыншылықты Қызылорда облысының шаруалары да көріп отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров