Павлодар облысында полиция майоры өз-өзіне қол салды


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Ақсу қаласында асылып қалған тәртіп сақшысының денесі табылды, деп хабарлайды ЭК.
Pavlodarnews.kz-тің облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап жазуынша, полицейдің денесі 5 шілдеге қараған түні табылған. Кейбір мәлімттерде көрстілгендей, инспектор қызметін атқарған ер адам өзіне қол салған.
"Ақсу қаласында сағат 24: 40-та гараж ішінен өзін өзі асып өлтірген полиция майорының мәйіті табылды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", — деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орымбаев.
Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өз-өзіне қол саолуға жеткізу) бойынша жүргізіліп жатыр.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.