Әкімдік: "Павлодар Сарыарқа болып өзгертілмейді"

Фархат ӘБІЛОВ

Павлодар қаласының әкімдігі қала атауын Сарыарқа деп өзгертіледі деген қауесетке жауап берді, деп жазады ЭК.

Әлеуметтік желіде Павлодар қаласының атауын Сарыарқаға өзгертілді деген ақпарат тарай бастаған. Сондай-ақ блогерлер де қаланы Сарыарқа деп атай бастаған.

instagram.com / meirzhach_tvinstagram.com / meirzhach_tv
instagram.com / meirzhach_tv

— Қазіргі таңда қала атауын Сарыарқа деп өзгерту туралы ономастикалық комиссияға өтініш келіп түспеді. Қала әкімдігі бұл сұрақты қарастырып жатқан жоқ,- деп жауап берді Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы жылы қыста жергілікті ақсақалдар Павлодар атауын Сарыарқаға өзгерту туралы ұсыныс айтқан болатын.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров