Қостанайда жоғалып кеткен мүгедек бала табылды

Абылай МАУДАНОВ

ПД баспасөз қызметінен  

Бұған дейін облыс орталығында 2009 жылы туған ер баланың кеше кешкісін үйінен шығып, қайта оралмағанын хабарлаған болатынбыз, деп жазады ЭК.

"Баланың денсаулығында ақауы бар, сөйлей алмайды. Оны іздестіру шараларына 100-ге тарта полиция қызметкері мен 80-нен аса ерікті жұмылдырылды. Мылқау бала үйінен бір шақырым қашық аумақтағы сай ішінен табылған. Қазіргі таңда ол аман-есен ата-анасымен қауышты", — дейді Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров