Әлеуметтік желілерде Димаш Құдайбергеннің жеке влогы шыға бастайды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

instagram.com / kudaibergenov.dimash

Бұл туралы әнші оқырмандарына өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ЭК.

"Сіздерді қатты сағындым. Сіздердің де мені сағынғандарыңызды білемін. Сол себепті тікелей эфирде жүздесіп отырмын. Сіздерге кішігірім жаңалығым бар. Жақында қасымдағы достарыммен, бауырларыммен бірге түсірген менің ең алғашқы влогтарым шығады", — деді әнші Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Димаштың оқырмандары ол туралы влогты өздері түсіретін. Кейін әншінің шетелге жиі сапарлауынан одан да қол үзіп қалды.

Бұған дейін әнші жеке басы туралы көп айтып, көрсетуді қаламаса да, бұл жолы оқырмандарына деген махаббатынан аса алмағанын айтады. Қазір бірнеше влог түсірілген. Тек соларды реттеу жұмыстары жасалып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров