Иманбек тағы бір жүлдеге ұсынылды (видео)

Қанат ЕСКЕНДІР

instagram.com / imanbekmusic

DJ Иманбек GQ ерлер журналы жариялаған "Жыл жаңалығы" аталымына ұсынылды, деп хабарлайды ЭК.

Басылым көрсеткен түрлі аталымдарға Иманбектен өзге бірнеше қазақстандық танымал азаматтар ұсынылғанын gq.ru сайты жария етті. Мәселен, "Жылдың үздік продюсері" аталымына Тимур Бекмамбетов, "Жыл музыканты" павлодарлық Скриптонит, "Экрандағы бейне" аталымына өскемендік стендап-әзілкеш Евгений Чебатков ұсынылған.

"Roses" SAINt JHN деп аталатын ремикс жұмысы үшін "Грэмми" жүлдесін жеңіп алған 20 жастағы Иманбек бүгінге дейін Рита Ора, Usher, David Guetta, 50 Cent, Sean Paul и Sofia Reyes секілді әлемдік деңгейдегі музыка жұлдыздарымен бірге ремикс жасап үлгерді.

Жуырда берген сұхбатында Иманбек жайлы пікір білдірген танымал эстрада әншісі Роза Рымбаеваның сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқанын да естеріңізге сала кеткіміз келеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров