Арка арасына пәтер соғып жатқан кімдер?

Қанат ЕСКЕНДІР

Бейнеден кадр

Алматы қаласындағы Назарбаев даңғылында орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары архитектуралық талапқа сай келмейтін құрылыс жұмыстарына наразылық танытты, деп хабарлайды ЭК.

56 пәтерлік үйдің тұрғындары халық санағы кезінде өздерімен бірге есепте жоқ 57, 58 және 59-шы нөмірлі пәтерлердің барын анықтаған, деп жазады Azattyq Rýhy. Басылымның мәлімдеуінше, сейсмикалық беріктік үшін тәжірибелік мақсатта тұрғызылған бұл үйдің төменгі қабатындағы арка бөлігін пәтер ретінде тіркеуге Әділет басқармасы 2016 жылы рұқсат берген.

Назарбаев даңғылы №47/26 мекен-жайында 1978 жылы тұрғызылған көпқабатты үй 1999 жылы кондоминиум мәртебесіне өткізіліп, астыңғы арка бөлігі тұрғындардың ортақ меншігіне берілген. Ғимараттың бірінші қабатында тұрғын үйдің барлық коммуникациялық жүйелері мен сейсмикалық бағандар орналасқан. Тұрғындар негізгі жобаның өзгеруі — өрт сөндіру, "Жедел жәрдем" көліктерінің аулаға кіруіне кедергі тудыратынын айтып отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров