Президент көңіл айту жеделхатын жолдады

Қанат ЕСКЕНДІР

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ЭК.

Мемлекет басшысы Камчатка өлкесінде Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады, деп жазады akorda.kz сайты.

Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын, делінген Президенттің жеделхатында.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров