Тараздық "Рембо-полицей" қайтыс болды

Қанат ЕСКЕНДІР

ПД баспасөз қызметі

Қылмыскердің қолынан ауыр жараланып, ұзақ жыл төсекке таңылған тараздық сақшы ауыр науқастан кейін көз жұмды, деп хабарлайды ЭК.

Тараз қалалық Полиция басқармасы патрульдік бөлімінің аға сержанты Бекжан Тіленшиев 2016 жылдың маусым айында қауіпті қылмыскерді тұтқындау кезінде мойнынан оқ тиіп, ауыр жараланған. Дене жарақатынан кейін сал боп қалған оны шетел дәрігерлеріне көрсеткенімен, ем-шара еш нәтиже бермеді.

2016 жылы желтоқсан айында Бекжан Тіленшиев қызмет барысында жасаған ерлігі үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Мемлекеттік награда — "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров