Қостанай облысында қара дауыл соғып, электр сымдарын үзіп кетті (видео)

Абылай МАУДАНОВ

Бейнеден кадр

Кеше Жангелдин ауданының Шилі ауылында болған табиғат құбылысы тұрғындардың үрейін ұшырды, деп хабарлайды ЭК.

5 шілде күні түс ауа Өлкейек өзені бағытынан қатты жел көтерілген. Алапат дауыл Шилі ауылының үстімен өтіп, ұйытқи соққан екпінді жел елді әбден әбігерге салған. Екі ағаш құлап, электр желілері үзілген. Дауылдан екі үйдің қоршауы құлаған.

Дауылдан соң жарты сағат нөсерлеп жаңбыр жауды. Бүгін үзілген сымдарды жалғап, қалпына келтірдік. Құлаған қора-қопсы жөнделді

дейді Шилі ауылдық округінің әкімі Ербол Досмағанбетов

Жергілікті тұрғындар мұндай қара дауылды бұрын-соңды көрмегенін айтады. Биыл жаз шыққалы ауданда жаңбыр жаумаған екен. Сол себепті ауыл тұрғындары 30 маусым күні тасаттық берген. Себебі, мұнда жаз шыққалы жөнді жауын жаумаған. Керісінше дала өрті көбейіп, округке қарасты Ақжар, Басқұдық, Тайқұдық, Қызылкемер, Тәжен қоныстары отқа оранды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров