Ресей жасөспірімдерге екпе салуды бастады

Қанат ЕСКЕНДІР

Pxhere

Мәскеуде жасөспірім балаларға "Спутник V" вакцинасы тәжірибелік мақсатта салына бастады, деп хабарлайды ЭК.

Бұл жөнінде ТАСС агенттігіне З.А.Башляева атындағы балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері әрі Мәскеу денсаулық сақтау басқармасының бас педиатры профессор Исмаил Османов мәлімдеген.

Екпе салдыруға 100 жасөспірім қатыстырылады. Олардың 50-і біздің клиникада, қалғаны Морозов атындағы клиникалық ауруханада салынады. Екпе алған балаларды 48 сағат бақылаймыз да, үйлеріне қайтарамыз

дейді профессор Исмаил Османов.

Ресей федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі жуырда коронавирусқа қарсы екпе ретінде "Спутник V" вакцинасын клиникалық зерттеу жүргізу мақсатымен жасөспірімдерге қолдануға рұқсат берген болатын. Бұл тәжірибеге 12-17 жас аралығындағы 660 жеткіншек қатыстырылады. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл вирусты жылдам жұқтыратын әрі сырқаттық ауыр хәлге шалдығатын жас боп есептеледі.

Мерзімі жылға жуық жүргізілетін тәжірибе кезінде екпе салдырған балалар дәрігерлердің арнайы бақылауында болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров