Еуропа чемпионатының алғашы финалисі анықталды

Бек ТӨЛЕУОВ

© AFP

Футболдан Еуропа чемпионатының финалына Италия құрамасы алғаш болып жолдама алды, деп хабарлайды ЭК.

Роберто Манчини жаттықтыратын құрама бүгін "Уэмблиде" Испаниядан басым түсті. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталып, пенальти сериясында 4:2 есебімен Апенин түбегінен келген жігітттер жеңіске жетті.

Бірінші таймда гол соғылған жоқ. Испания құрамасы допқа көбірек иелік етіп, қарсыласына аса қатты мүмкіндік бере қоймады. Ал, есеп 60-минутта ашылды. Федерико Кьеза қарымта шабуылдан кейін мергендік танытқан. Осы голдан соң алаңға кірген Альваро Мората 80-минутта таразы басын теңестірді.

© AFP© AFP
© AFP

Экстра-таймда таблодағы көрсеткіш өзгермеді. Пенальти сериясында Дани Ольмо мен Альваро Мората қателік жасап, Италия құрамасы финалға жолдама алды. Енді олар шешуші кезеңде Англия мен Дания арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі. Бұл ойын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 8 шілде күні түнгі 01:00-де басталады.

Испания футболшылары 1/8 финалда Хорватиядан, 1/4 финалда Швейцариядан айналып өткен болатын.

Италия өз тарихында төртінші Еуропа чемпионатының финалында өнер көрсетеді. Бұған дейін 1968 жылы топ жарған. Ал 2000 және 2012 жылдары Франция мен Испанияға есе жіберген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров