Олимпиада алауын өшірмек болған әйел тұтқындалды (видео)

Қанат ЕСКЕНДІР

Бейнеден кадр

53 жастағы жапон әйелі елдегі пандемияға байланысты наразылық ретінде олимпиада алауын өшірмек болды, деп хабарлайды ЭК.

Токионың солтүстік-батысында орналасқан Мито қаласының 53 жастағы тұрғыны қала көшесімен олимпиада алауын алып өткенде, су шашатын ойыншық тапаншамен эстафеташының қолындағы көшпелі алауды өшірмек болған, деп жазады Рейтер агенттігі.

Пандемия кезінде халықаралық ойындар өткізуге өз наразылығын танытқан кейуанаға Мито полициясы "спортшыны суатқыш құралмен көздеп атты және эстафетаның өтуіне кедергі жасамақ болды" деген айып таққан.

Естеріңізге сала кетсек, 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Олимпиада ойындарына Қазақстан 27 спорт түрінен 96 жолдама ұтып алған болатын. Алайда, жолдаманың тым көп таратылуына байланысты, олимпиадаға қатысатын спортшылар санында өзгерістер болуы мүмкін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров