Шымкентте той жасағандар тұтылып жатыр

Қанат ЕСКЕНДІР

Pixabay

Шымкентте 100 адамға арнап дастархан жайған той иесі жауапқа тартылады, деп хабарлайды ЭК.

Рейдтік іс-шаралар барысында Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті мейрамханалардың бірінде салтанатты шара өткізіліп жатқанын анықтаған, деп жазады облыстық Полиция басқармасының ақпараттық сайты.

Оқиға орнына жеткен карантиндік режимнің сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топ залда 100-ге жуық адам жиналғанын анықтаған. Тәртіп сақшылары өткізіліп жатқан тойды тоқтатып, карантиндік тыйымдарды сақтау жөнінде түсіндірмелік әңгіме жүргізіп, жиналғандарды тарқатқан.

"Қыз ұзату" тойын ұйымдастырушыларға қатысты тиісті шаралар қолдану үшін тіркелген фактілер облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік бөліміне жолданды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров