Иранда жарылыс болды (видео)


twitter.com/EpochTimesEs
Иранда мұнай құбыры жарылып, үш адам опат болды, деп хабарлайды ЭК.
Иранның Дехлоран қаласына жақын Илам провинциясы арқылы өтетін Чешмех-йе Хош мұнай құбырында жарылыстан үш адам өліп, төрт адам түрлі жарақат алғанын жазды, парсылық Mehr News агенттігі.


twitter.com/EpochTimesEs
Білуімізше, қайтыс болғандар мен жарақат алғандардың барлығы Дехлоран қаласының тұрғындары. Олар мұнай құбырының бойында техникалық тексеріс жасап жүрген кезде жарылыс болған.
Иран билігі ұлттық мұнай компаниясының басшыларына жарылыс себебін жедел түрде анықтауды және қайтыс болғандар мен зардап шегушілердің отбасына көмек көрсетуді тапсырды.