COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 442 291 ЖАЗЫЛҒАНДАР 404 899 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4516


©AP/Frank FRANKLIN II
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 мың 711 расталған жағдайы тіркелді, деп хабарлады сәрсенбіде covid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір күн бұрын елде 2 мың 618 covid-19 оқиғасы расталды.
Пандемия басталғалы бері елде барлығы 442 мың 291 covid-19 жағдайы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 799,
Алматы қаласында — 299,
Шымкент қаласында — 127,
Ақмола облысында — 126,
Ақтөбе облысында — 63,
Алматы облысында — 49,
Атырау облысында — 157,
Шығыс Қазақстан облысында — 70,
Жамбыл облысында — 35,
Батыс Қазақстан облысында — 189,
Қарағанды облысында — 395,
Қостанай облысында — 53,
Қызылорда облысында — 43,
Маңғыстау облысында — 104,
Павлодар облысында — 118,
Солтүстік Қазақстан облысында — 42,
Түркістан облысында — 42.
Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 404 мың 899 адам емделді, оның ішінде 1 мың 511 адам соңғы тәулікте.
7 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустық инфекциядан емделуді 34 мың 189 адам жалғастыруда, оның ішінде 32 мың 876 оң ПТР-тестімен (КВИ+) және 1 мың 313 теріс (КВИ-), стационарларда 10 мың 708 пациент, амбулаториялық емдеуде — 23 мың 481.
"КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінен 710 пациент ауыр жағдайда, аса ауыр жағдайда — 143, ӨЖЖ аппаратында — 75", — делінген денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерінде.