Көксарай су қоймасынан балық аулаған броконьерлер ұсталды

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

ТО ПД баспасөз қызметі

Екі күдіктіден 350 келіге жуық балық тәркіленді, деп хабарлайды ЭК.

ТО ПД баспасөз қызметіТО ПД баспасөз қызметі
ТО ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысының полицейлері заңсыз балық аулаған браконьерлерді ұстады. Арыс және Ордабасы ауданының тұрғындарынан ұзындығы 100 метр төрт тор мен 350 келіге жуық балық тәркіленді.

Қазіргі таңда аталған жәйт Қылмыстық кодекстің 335-бабы 3-бөлігі 4-тармағы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Көлік айыптұраққа қойылды. Тәркіленген балық Шардара ауданындағы балық фирмасына өткізілді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров