Жаңаөзендегі "Кезби" ЖШС жұмысшыларының талаптары орындалатын болды

Жұмазия ОРАЗАЙ

Бейнеден кадр

Мұнай саласына қызмет көрсететін кәсіпорын жұмысшыларының ереуіліне төрелік еткен еңбек комиссиясы осындай шешім шығарды, - деп хабарлайды ЭК

5 күннен бері жұмыстарын тоқтатып ереуілге шыққан Жаңаөзендегі "Кезби" ЖШС жұмысшыларының еңбек дауына байланысты комиссия құрылған болатын. Комиссия қарауына қызметкерлер өздерінің 12 талабын ұсынды. Енді сол талаптар түгелдей қанағаттандырылып, ең нәтижелі жалақы 50%-ға өспек.

"Барлық талаптарымыз орындалады. Сыйақы мөлшері 25-35 % төленеді. Мереке күндеріне шыққан жалақымызды, еңбек демалысына шыққан кезде 50АЕК сауықтыруға төленеді. 13 айлық, техникаларды жаңарту, жұмысшыларды тәжірибесіне қарай басқа жұмыстарға орналастыру секілді шағымдарымыз да заң жүзінде шешіледі деп отырмыз. Бұл шарттардың бәрі тамыздан бастап орындалады. Осы мекемедегі ішкі дауды реттеуге атсалысқан барлық жауапты қызметтегі азаматтарға алғысымызды айтамыз",-дейді "Кезби" ЖШС жұмысшысы Жолмұрат Ұлықпан.

1 аптадай ереуілде тұрған жұмысшылар енді жаңа еңбек шартын жасасып, бүгіннен бастап жұмысқа шығатын болып тарқасты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров