Камчаткадағы ұшақ апатынан алты адамның денесі табылды

Лаура БИҒАЛИ

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі

Камчаткадағы Палана кенті маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқан алты адамның денесі табылды, деп хабарлайды ЭК.

РИА Новости агенттігінің жазуынша, құтқарушылар әуе кемесі құлаған орынға әзер жеткен. Құтқарушылар апат орнына жол талғамайтын көлікпен, ал кейбірі жаяу жеткен.

"Қаза тапқан адамдардың денесі судан шығарылып жатыр. Олардың саны сәт сайын көбейіп келеді ", — деді аймақ басшысы Владимир Солодов.

Бортта экипаждың 6 мүшесі және 22 жолаушы, оның ішінде бір бала болған. Алдын ала дерек бойынша олардың барлығы қаза тапқан.

Камчаткада ұшақ апатына байланысты аза тұту күні жарияланды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров