Ұлытау ауданында дала өрті өршіп тұр


Қарағанды облысының ТЖД
Қарағанды облысының Ұлытау ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ЭК.
Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өрт Жангелді және Ақтас ауылдық округтерінің аумағында болып жатыр. Өртті сөндіруге 87 арнайы техника мен 197 адам жұмылдырылған.


Қарағанды облысының ТЖД
Мамандар өрт ауылға шауып кетпес үшін барлық сақтық шаралары қарастырылып жатқанын айтады.


Қарағанды облысының ТЖД
"Қазіргі уақытта Пионер ауылына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Елдімекеннен 3-5 шақырым қашықтықта жану ошақтары болды. Бірақ техника көмегімен оларды дер кезінде басып тастадық. Жалпы жағдай бақылауда", — деді Қарағанды облысы ТЖ департаментінің бастығы полковник Мұрат Қатпанов.
Қазір ауданның үш ауылдық округінде төтенше жағдай жарияланған.