Түркістан облысында көлік ұрлаған шетелдік жол апатын жасады

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Бір адам көз жұмып, үш жолаушы жарақат алды, деп хабарлайды ЭК.

Ал, автокөліктің жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалап, қашып кеткен. Полиция қызметкерлері күдіктіні көп ұзамай қолға түсірді. Тексеру нәтижесінде, оның ішімдік ішкені анықталды. Сондай-ақ, көлік ішіндегі жолаушылардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты.

Төлеби ауданында бірге жұмыс істеген олар, жергілікті тұрғынның көлігін заңсыз айдап кеткен. Қазіргі таңда аталған жәйт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Аталған жайт ҚР ҚК-нің 3 бірдей бабы бойынша тіркеуге алынды. Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу, Алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды, — деді Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің тергеушісі, майор Берік Елікбаев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров