Ақтауда көше сыпырушыларға мұздай су таратты (видео)

Жұмазия ОРАЗАЙ

Бейнеден кадр

Ақтауда белгісіз келіншек көшедегі коммуналдық қызметкерлерге салқын су таратып шықты , деп хабарлайды ЭК.

Бейнежазба @na_dorogah_aktau парақшасында жарияланды. Онда дорбасына салқындатылған суды бөтелкелерге толтырып алған келіншек , жол бойында көше сыпырып жүрген жұмысшыларға үлестіріп жүргені көрінеді.

Ал қызметкерлер аптап ыстықта осындай көмекке ризашылығын білдіріп жатыр.

Бұған дейін де Ақтаулықтар қыстыгүні тоңып жүрген көше тазалаушыларға ыстық шәй мен бәліштер үлестірген еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров