Індеттің өте қауіпті кезеңі басталды

Нұрболат АДЫРБЕК

©AP/Jorge SAENZ

Жағдайды вирустың жаңадан пайда болған штамдары одан сайын күрделендірді, деп хабарлайды ЭК.

РИА Новости порталы жазуынша, бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі кезде вакциналары бар елдер, шектеулерді біршама жеңілдетіп жатыр. Ал, мұндай мүмкіндігі жоқ көптеген мемлекеттер пандемиядан барынша зардап шегеді.

Қазіргі күнде вируспен күресуге арналған құралдары жоқ елдерде осы дерттен ауруханаға түсетіндер көбейіп, өлім-жітім деңгейі артты.. Жағдайды вирустың жаңадан пайда болған штамдары одан сайын күрделендірді,

деді ДДСҰ басшысы.

Оның пікірінше, қиын жағдайдан шығудың бірден-бір жолы — мемлекеттер арасында тест, вакцина, дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарын тең жағдайда алмасуды жолға қою.

Бұл зымыран құрастыру да, қайырымдылық та емес, Жалпыға ортақ мүддеге жауап беретін қоғамдық денсаулықты саналы сақтау,

деп атап өтті ол.

Ұйым басшысы әлем бойынша вакциналарды тарататын COVAX бағдарламасы арқылы жағдайды жақсартуға болатынын айтты. Ол барлық елдерді осы бағдарламаны қолдауға шақырды.

ДДСҰ-ның дерегі бойынша, індет басталғалы бері бүкіл әлемде 184 миллионға жуық адам коронавирус дертін жұқтырып, төрт миллионға жуық науқас қайтыс болғанын айта кету керек. Соңғы тәулікте инфекция жұқтырғандар саны 326 мыңға, өлім саны 6 347-ге артты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров