Алдағы үш күн жауын-шашын болады

Кәмшат ҚОПАЕВА

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

8-10 шілде аралығында еліміздің бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды ЭК.

Соңғы апталардағы аптап ыстық ел тұрғындарын біраз әуреге түсірді. Жаз басталғалы жаңбыр жаумаған өңірлер дала өртінен зардап шекті.

Ал "Қазгидрометтің" мәліметінше, шілде айының басы жаңбырлы болмақ. Каспий теңізінің солтүстігіндегі циклонның әсері еліміздің барлық аумағын қамтиды. Солтүстік батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста нөсер жаңбыр жауады. Қатты жел тұрып, кей жерлерде бұршақ жауады.

Еліміздің батыс өңірінде түнде ауа температурасы +13+23℃ болса, күндіз — +23 +32℃, солтүстікте түнде — +10+21℃ , күндіз термометр +20+28℃ температураға жетеді. Елдің орталығында және шығысында түнде ауа температурасы — +13+23℃, күндіз — +25+37℃, ал оңтүстік өңірде түнде температура +18+25°С болса, күндіз +30+42°С-қа дейін ысиды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров