Бокстан салмақ дәрежелері тағы көбейді

Бек ТӨЛЕУОВ

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) директорлар кеңесі салмақ дәрежелеріне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды ЭК.

Енді ерлер арасындағы бәсекелер 10 салмақта емес, 13 салмақта өтеді. Ал қыздар 12 салмақта бақ сынайды.

Мұндай ұсынысты AIBA бас хатшысы Иштван Ковач жасады. Ол бұл кеңес отырысына дейін AIBA ерлер және әйелдер боксына мүдделі тараптармен жаңа салмақ категорияларын талқылағандарын айтты.

"Біз бұл қадам боксшылардың өздерін шаршы алаңда қолайлы сезінетін салмақ дәрежелерінде бәсекеге түсуіне мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Ұлттық федерациялар және AIBA-ның беделді комитеттерінің ұсыныстарын жинадық. Барлығын тыңдауға тырыстық. Мұндай өзгерістің бокстың элиталық спортқа айналуына септігін тигізеді", — дейді Ковач.

Ерлер үшін ең төменгі салмақ 49 келіден 48 келіге дейін төмендетілді. Алғашқы бес категорияның айырмашылығы — 3 келіні сұраса, ал 5-7 салмақ дәрежелерінің арасы 3,5 келі. Одан кейінгі 7-9 салмақ дәрежелерінің арасы 4 келі, 9-10 категориялары — 5 келі, 10-12 категориялары 6 келіні құрайды. Аса ауыр салмақ дәрежесі 92 келіден басталады және шектеусіз.

Ерлер арасындағы жаңа салмақ дәрежелері: 48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63,5 келі, 67, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, + 92 келі.

Әйелдер арасындағы жаңа салмақ дәрежелері: 48 келі, 50 келі, 52 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63 келі, 66 келі, 70 келі, 75 келі, 81 келі, + 81 келі.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасында ерлер 8 салмақ, ал қыздар 5 салмақта жұдырықтасады. Ал жаңа өзгеріс 1 тамыздан бастап күшіне енеді.⠀

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров